Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Жол ашар

08 Қыркүйек 2015

  Қыркүйектің бірінші сенбісі күні ҚММУ-да жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Жол ашар» атты дәстүрлі жыл сайынғы спорттық-зияткерлік мерекені өткізді.

   «Жол ашар» - бұл студенттерді университет құрылымымен таныстыру мақсатымен өткізілетін ойын элементтері бар зияткерлік викторина.

  Осы жылы викторинаға ҚММУ студенттері қатарынан 24 топ қатысты. Барлық топтарға станцияларды тауып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, ең көп «жұлдыздар» саның  жинау керек болды.

  Викторина қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды атап, барлық командалар арасында орындарды келесідей бөлді:

1.  «Қыран»(жалпы медицина)

2.  «Эндорфины» (жалпы медицина)

3.  «Прометей» (профилактиқалық медицина, биология және фармация)

Одан басқа «Үздік ұран» номинациясында жалпы медицина және стомалогия факультетінің «Дети Авиценны» тобы, «Үздік сыртқы келбет» номинациясында «Хромосома» және «Жастар» командалары марапатталды.

  Викторина спорттық жарыс түрінде өтіп, қатысушыларға көп оңды сезім және ұмытылмас әсер сыйлады. 

Рагимат Гаджиева

ҚММУ ынталы студенттер клубының жетекшісі


0
14528

пікірлер

пікір қалдыру үшін.