Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қызылшаға қарсы халықты қосымша емдеу туралы семинар - тренингі

Қызылшаға қарсы халықты қосымша емдеу туралы семинар - тренингі

12 Қазан 2015

Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының қоғамдық дамуының  тапсырысы бойынша Қарағанды (10-11.09.2015) мен Қостанай (22-23.09.2015) облыстарында ҚММУ қызметкерлерімен бірге халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау акциясының аясында семинар – тренинг өткізілді. 4 күн ішінде науқан 10 семинар–тренинг өткізді, 630 дәрігер, 170 мейірбике, 70 мектептік медицина қызметкерлері, 580 педагог оқытылып, 9 егу пунктінің дайындығы тексерілді.

Профессор Б.Н. Көшерованың «Қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдайлар: әлемде және Қазақстан Республикасы бойынша. Егу жүргізудің қауіпсіздігі. Қосымша егуді ұйымдастыру науқаны. Егу пункті» атты баяндамасы тыңдаушылар арасында аса қызығушылықпен қабылданды. Сонымен бірге доцент Ф.М. Шайзадинаның «Вакцинаны сақтау мен тасымалдау ережелері. Суықтық тізбек. (ЕКҚЖ) егуден кейінгі қолайсыз қосалқы жағдайлар. ЕКҚЖ-дан кейін бақылау»; доцент А.М. Смағұловтың «Ата-аналар және жас өспірімдермен қарым-қатынас жасауда медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдылары»; балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті А.М. Ізтелеуованың «Қызылшаға қарсы егумен байланысты, егуден кейінгі қосымша әсер беруі кезіндегі шұғыл жағдайлар алгоритмі» тындалды.

  Тыңдаушылар баяндамаларды асқан қызығушылықпен тыңдап, егудің қолданылуы мен қарсы көрсетілімі жайлы, егудің тиімділігі, егуді  ұйымдастыру мен профилактикалық егу жүргізу, егуден кейін болуы мүмкін жанама әсерлері жайлы сұрақтар көтерілді.

А.М.Ізтелеуова

балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті


0
12940

пікірлер

пікір қалдыру үшін.