Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды Мемлекеттік медицина университетінің консультативтік-диагностикалық орталығына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрінің келуі

Қарағанды Мемлекеттік медицина университетінің консультативтік-диагностикалық орталығына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрінің келуі

15 Қазан 2015

2015 жылдың 28 қыркүйек күні Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Ш.Нұрлыбаевпен бірге, танысу мақсатында ҚР ӘД ДМ вице-министрі А.В.Цой іссапары бойынша келді. ҚММУ КДО қонақтарын ҚММУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректоры Б.Н.Кошерова, ҚММУ КДО бас дәрігері М.С. Киверов және басқа да КДО өкілдері қарсы алды.

Іссапар барысында ҚММУ КДО-ның емдеу-диагностикалық аспаптарымен қамтылғандығы туралы, Қарағанды және облыс тұрғындарын субмердігерлік және ақылы түрде профессорлық – оқытушылар құрамымен кеңестік-диагностикалық көмекпен қамту жағдайында ақпарат көрсетілді. КДО әкімшілігімен орталық базасындағы ұлттық және халықаралық стандарт деңгейіндегі заманауи емдеу-диагностикалық кешендері көрсетілді (сандық рентген құрылғысы Siemens Luminos Fusion HD (Германия), видеоэндоскопиялық құрылғы Olumpus CV-150 (Жапония) диатермокоагуляциясымен Olumpus ESG-100, ЛОР-комбайн Otopront операциялық микроскопымен OPMI Pico Carl Zeiss, синустық эхоскопымен Digital 5 (Германия), УДЗ сканері Мedison Sono Ase X6-CW и SA-8000 EX (О. Корея), офтальмологиялық кешен «Carl Zeiss», когерентті томограф «Cirrus HD» (Германия), көздің В-сканері ультрадыбыстық биомикроскопиясымен  «TOMEY» (Жапония), ультрадыбыстық жүйе премиум эксперт класты Philips epiq 7 (Нидерланд), «BTL-08 Holter, BTL-08 ABMP, BTL-08 Spiro» (Ұлыбритания), BTL 5000 сериялы (Ұлыбритания) физиотерапевтикалық құрылғысымен және басқа да диагностикалық кешендер), тұрғындарды қарау кезінде КДО кеңесшілерімен қолданылатын диагностика мен емдеу әдістерінің заманауи әдістері айтылды.

Танысу мақсатындағы іссапар барысында Қазақстан интеграциясының халықаралық кеңістікке кіру тақырыбы қозғалды, ол өз алдына денсаулық сақтау мен медициналық білім беру аясында халықаралық стандарттарға ауысуды негіздейді, оған тек денсаулық сақтау мен білім беру сапасын арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады, ал ол өз алдына медициналық және білім беру мекемелеріндегі материалды-техникалық қамтылуына талаптардың жоғарлауын қажет етеді. Сонымен қатар, іссапар барысында, ҚММУ КДО – емдеу-диагностикалық және білім беру компонентін бірге ұштастырған, республикалық көлемдегі масштабтағы бірегей мекеме екені туралы айтылды. Орталыққа келген қонақтар нәтижелеріне риза болып, көрсетілетін қызметтерді кеңейту туралы ұсыныстар ұсынып, тілектерін білдірді.


0
14224

пікірлер

пікір қалдыру үшін.