Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Германия, Франкфурт (Одер) қаласына академиялық ұтқырлық

Германия, Франкфурт (Одер) қаласына академиялық ұтқырлық

16 Қазан 2015

01.09.15 пен 28.09.15 аралығында ҚММУ интернатура факультетінің 7 - курс интерндері Германиядағы Франкфурт (Одер) қаласының клиникасында клиникалық және практикалық дағдыларды игеруді үйренді. Бір ай ішінде интерндер неміс дәрігерлерімен тікелей жұмыс жасап, клиника құрылысымен танысып, таңертеңгілік жиналыстарға қатысты, жаңа медициналық жетістіктер талқыланатын «Қант диабеті мен амилоидоз емі үшін жаңа препараттардың клиникалық зерттеулер нәтижесі»  апталық ғылыми конференцияларға қатысты.

Сонымен қатар, интерндер қажетті теориялық және практикалық дағдыларды, Германия клиникасындағы диагностика мен емдеу тактикасының ерекшеліктерін үйреніп, клиника жабдықталған жоғары технологиялық құрылғылармен танысты.

«Хирургия» бағыты бойынша оқитын интерндер  әртүрлі кең көлемді операцияларда ассистент болуға мүмкіндік алып, нәтижесінде шексіз тәжірбие алды.

Негізгі маңызды білімді интерндер гемопоэтикалық бағана жасушалар трансплантология бөлімшесінен алды. Олар осы операцияның ерекшеліктерін, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін, трансплантацияға науқасты дайындау және мүмкін болатын асқынуларды игерді.


0
13065

пікірлер

пікір қалдыру үшін.