Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Күлкі терапиясы» жартыфиналда

«Күлкі терапиясы» жартыфиналда

20 Қазан 2015

2015 жылдың 4 қазанындаАстана қаласының «КонгрессХолында»  «Қазақстан КТК Одағы» ұйымдастырған біздің университеттің командасы қатысқан «Жайдарман» Республикалық жоғары лигасының жартылайфиналы өтті.

Ойын екі күн өтті және төрт кезеңнен құралды:

1. Сәлемдесу;

2. Биатлон;

3. Бір өлеңнің байқауы;

4. Үй тапсырмасы.

Ойынға екі топқа бөлінген он қазақстандық команда жиналды.

Бірінші топқа келесі командалар кірді: «Павлодар жастар құрамасы» (Павлодар қаласы); «Альянс» (Семей қаласы); «Күлтегін» (Астана қаласы); «Жаснар» (Алматы қаласы); «Сырдария» (Шымкент қаласы).

Финалға «АЭСА» және «Байланыс жігіттері» командалары өтті.

Екінші топқа қатысқандар: «Аягөз» (Семей қаласы); «Тек қана қыздар» (Алматы қаласы); "Сағыз» (Атырау қаласы); «Қармақшы» (Алматы қаласы) және Қарағанды облысынан бесінші команда – біздің команда «Күлкі терапиясы» болды. 

Бірінші топтан «Аягөз» және «Қармақшы» командалары финалға өтті. Финал резервіне «Жаснар» және «Күлкі терапиясы» командалары өтті.

Ойын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бойынша таратылады. «Күлкі терапиясы» командасына сәттілік және финалда жеңіс тілейміз!

Нұрсұлтан Хусанов

5-001 ҚДС тобының студенті


0
12670

пікірлер

пікір қалдыру үшін.