Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЖООаралық олимпиада

ЖООаралық олимпиада

05 Қараша 2015

  30 қазанында Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне және Конституция негіздерін білуге Облыстық жооаралық олимпиада болып өтті.

  Олимпиаданы өткізу мақсаты –жастар арасында Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін дәріптеу және насихаттау, студенттік жастарды құқықтық мәдениеттің құндылығына тарту, жастарды шығармашылық және зияткерлік дамыту үшін жағдай жасау, жастар арасында патриоттық және белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру.

Олимпиада 3 кезең бойынша өтті:

1 тур – Шығармашылық сынақ (эстафеталық эссе жазу).

2 тур – ҚР Конституциясы, ҚР Заңдары «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» біліміне тест.

3 тур – Капитандар байқауы (плакаттар таныстырылымы)

Олимпиаданың нәтижесі бойынша ҚММУ командалары екі III дәрежелі дипломдардың иегері атанды:

-  «Insight» пікірталас командасынан «Әділеттілік қолы» тобы (орыс лигасы) Даноян Гарик (2-084 ЖМ), Бикбавлеев Мансур (2-088 ЖМ) және Ахметова Шолпан (2-055 ЖМ);

-  «Жыр жауһар» ақындық авторлық клубынан «Қазына» тобы (қазақ лигасы) Ибрагим Тоғжан (4-047 ЖМ), Әбділлә  Мұрат (1-001 ЖМ) және Хаутай Шамшырақ (4-002 СД).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

  «INSIGHT» пікірталас клубы және «Жыр жауһар» ақындық авторлық клубы Жастармен жұмыс жөніндегі бөліміне турнирге қатысу дайындығына көмектескені үшін алғыстарын білдіреді.

 

Фисенко Игорь (3-056 ЖМ)

«INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
12357

пікірлер

пікір қалдыру үшін.