Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Медицина Жастарының Ассоциациясының (KazMSA) ІV Ұлттық Кіші Ассамблеясы

Қазақстан Медицина Жастарының Ассоциациясының (KazMSA) ІV Ұлттық Кіші Ассамблеясы

06 Қараша 2015

2015 жылдың  31 қазан мен 1 қараша аралығында ЖШС «Технопарк Сары – Арқа» - да (Қарағанды қаласы)  Қазақстан Медицина Жастарының Ассоциациясының (KazMSA) ІV Ұлттық Кіші Ассамблеясы өтті. Қазақстанның 9 медицина университеттерінен келген студенттермен қатар ҚММУ тұрақты комитеті де қатысты. Ашылу салтанатында KazMSA тарихына өз үлестерін қосқан Мухит Кулмаганбетов, Ерболат Саруаров пен Абдулла Абдугаппаров секілді беделді азаматтарға сөз берілді. Ашылу салтанатынан кейін пленарлы отырыс басталды. Отырыс барысында әр университеттен келген тұрақты комитет мүшелері жыл бойы атқаралған іс – шараларды баяндады. Ұлттық Кіші Ассамблеяны өткізудің басты мақсаты - KazMSA – ның IFMSA(International Federation of  Medical Students  Associations) құрамына кіру жоспары. Сонымен қатар, пленарлы кеңесте: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды 2017 жылы енгізу; медицина университетін бітірген түлектердің қоғамдық денсаулық сақтау саласында жұмыс атқаруы талқыға салынды.Әр жергілікті комитет жылдық жоспарларын құрастырды.

Сондай – ақ, ҚММУ тұрақты комитеттердің офицерлері - Мұрат Ғазиза, Асель Мусаепова, Кымбат Кабдуллина нейро – лингвисттік тренингтер өткізді.

Екінші күні KazMSA – ның  тұрақты комитетінің лауазымды тұлғалары сайланды. KazMSA Президенті болып Батыржан Ибраев (ҚММУ), сыртқы істер вице – президенті – Акерке Мастетбаева (ҚазҰМУ), ішкі істер вице – президенті - Асылжан Оразбек ( Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ), тұрақты комитеттер вице – президенті – Төлеуова Балжан (ҚазҰМУ) ұлттық қаржыгер – Диана Сәрсенбек ( Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ), ұлттық баспасөз – хатшысы – Улжанай Орынказы (ҚММУ). Тұрақты комитеттердің офицерлері: медициналық білім беру бойынша – Ғазиза Мұрат (ҚММУ), ғылыми – зерттеулік алмасу ісі бойынша  – Кымбат Кабдуллина (ҚММУ), кәсіби алмасу ісі бойынша – Эсжанбек Әбдіреев (Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ), репродуктивті денсаулықты қорғау – Ақерке Хангелді (МУА), қоғамдық денсаулық сақтау бойынша – Әлібек Хамит (Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ). Бақылау комитетінің мүшелері: Құлмағанбетов Мұхит, Абдулла Абдугаппаров, Ерболат Саруаров, Арина Еспотаева, Алихан Жаксылыков, Жақсыбек Сақтағанов, Маликайдар Айжан, Аслан Байзаханов.

Отырыс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар берілді.

Келген қонақтар саяси қуғын-сүргін мұражайында (Карлаг) болып қайтты.

Шексіз алғысымызды ҚММУ әкімшілігіне, домбыра үйірмесіне, «Қаракөз»халық шығыс би ансамбліне үлкен іс- шараға белсенді атсалысқаны үшін білдіреміз!

Күнсұлу Жанбосын

KazMSA ҚММУ тұрақты комитетінің жауапты хатшысы


0
12827

пікірлер

пікір қалдыру үшін.