Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз сатылмаймыз!

Біз сатылмаймыз!

26 Қараша 2015

14-15 қарашада Қарағанды экономикалық университетінің қабырғасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» жастар фестивалінің шеңберінде, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кубогіне алғаш рет «Біз сатылмаймыз» қалалық пікірталас  турнирі болып өтті.

Турнир екі тілді лигаларда өтті: мемлекеттік және орыс тілдерінде. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Намыс» пікірталас клубына қатысушыларынан 8 фракция қатысты.

Турнирді ұйымдастырушылар ҚММУ өкілдерінің жрғары дайындықпен келгендерін айтып өтті. Қорытындысында, турнирге жоғары деңгейде қатысқан пікірталасшыларымыз «Ақиқат» фракциясы Темірбек Сымбат (2-008 ЖМ) және Рахматулла Айткүл (2-013 ЖМ) құрметті үшінші орынды жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздар және жүлдегерлер құрмет дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  «Намыс» пікрталас клубы.


0
11473

пікірлер

пікір қалдыру үшін.