Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерейтойлық конференцияда марапатталды

Мерейтойлық конференцияда марапатталды

14 Маусым 2016

Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындаҚазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жәнеҚазақстан  стоматологиялық  Ассоциациясының 25 жылдық мерейтойына арналған «Стоматологиядағы қазіргі заманғы технологиялар» деп аталатын XI халықаралық  стоматологиялық конференция болып өтті.

  Аталған іс-шара БүкіләлемдікСтоматологтарФедерациясының (FDIWorldDentalFederation) эгидасымен өткізілді, ұйымдастырушы – ҚазақстанСтоматологиялық Ассоциациясы (ҚСА). Көп жылғы адал еңбегі мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы менстоматологиялық қызметін дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін бірқатар жоғары білікті мамандар Қазақстан Республикасының Алтын медалі мен Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылды. Олардың арасында ҚММУ Балалар стоматологиясы мен  хирургиялық  стоматология кафедрасының профессоры Курашев Амангелді Ғалымжанұлы, Терапевтикалық және ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, доцент Танқыбаева Жанар Ғабитқызы, кафедра ассистенті  Түсбаев Марат Ғалымұлы бар.

  Салтанатты рәсім барысында мерейтойлық конференцияның халықаралық құрамы мен «Dental пресс» ақпараттық әріптесінің қатысуымен жоғарыда аталған құрметті наградаларды ҚММУ қызметкерлеріне ҚазақстанСтоматологиялық АссоциациясыныңПрезиденті Байғұлақов Азамат Тұрашұлы тапсырды. Сол сияқты конференция аясында әлемдік стоматологиялық өндірушілердің KSA DENTAL EXPO-2016 стоматологиялық материалдар мен технологиялардың қазіргі заманғы жаңа инновациялық технологияларының кешенді көрмесі ұсынылды, шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізілді.

  Конференцияның жұмысына академик, ҚР  Парламенті Сенатының депутаты Ғарифолла Есім, ҚР  Парламенті Сенатының депутаттары А.С.Күзеков, С.К.Енсегенов, Элект-президент FDI, Dr. Kathryn Kell (АҚШ), ҚР ДСМ бас  стоматологы, профессор С.С.Есембаева, профессорлар М.А.Темірбаев, С.Р.Рузуддинов, Ғ.Ж.Пернебаев, М.Т.Көпбаева және еліміздің барлық өңірлері мен бірқатар шетелдердің стоматология саласының қайраткерлері қатысты.  

  Мерейтойлық конференцияның жұмысы барысында Қазақстанстоматологиялық қызметін одан әрі дамытудың перспективалары, жетістіктері мен маңызды мәселелері талқыланды, Қазақстан Республикасы мен шетелдік елдердің әртүрлі стоматологиялық ұйымдарының арасында әріптестік туралы меморандумдарға, шарттар мен контрактілерге қол қойылды.

  М. Түсбаев,

  ҚММУ Терапевтикалық және

  ортопедиялық стоматология

  кафедрасының ассистенті 


0
9430

пікірлер

пікір қалдыру үшін.