Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шала туылған балалар күні

Шала туылған балалар күні

23 Қараша 2018

Жасымызға қарамастан бізге қиын кезде немесе қорыққан кезімізде «Ана!»  деп айтпайтын адам жоқ шығар. Бұл біздің санамыздан тыс болады. Біз анамызды жанымызда жоқ кезде де шақырамыз. Бұл әрине таңқаларлық жағдай емес, өйткені бәрі анасының махаббаты мен қамқорлығын қажет етеді. Біз анамызға әрдайым мұқтажбыз, тіпті біз туылмаған сәтте де, ол - біздің дүние есігін ашуымыздың себепшісі. Бір қарағанда, анамыздың жүрегінің асты ең қауіпсіз орын секілді көрінеді. Бірақ, егер аналар өз денсаулығын және құрсағындағы баласының денсаулығын күтпесе, ол жердің өзі бала үшін қауіпті болуы мүмкін.

Қазіргі таңда шала туылған балалар мәселесі өте өзекті болып отыр. Статистикалық есепке қарағанда,әлемде жылына 15 миллионға жуық бала шала туылатын көрінеді. Соның ішінде 1 миллионға жуық сәби дүние есігін ашпай көз жұмады, ал көбісіне физикалық немесе неврологиялық мүгедектің диагноздарын қояды, ал кейбіреулер өскен кезінде оқуға қабілетсіз болуы да мүмкін. Міне, осы секілді  бала денсаулығына қатысты өте өзекті мәселерді болашақ ата-аналарға хабарлау керек. Дәл осы сұрақтар төңірегінде қараша айының 15-күні Қарағанды мемлекеттік медицина университеті,  KazMSA Қазақстандық медицина жастарыныңұйымы, ұрпақ қалдыру және жыныстық денсаулық бойынша тұрақты комитет SCORA іс-шара өткізген болатын.  Сонымен қатар, болашақ маман ретінде  студенттер бұл балаларды емдеу жолдары туралы да ақпарат берді. Іс-шара Халықаралық шала туылған балалар күніне орай (World Prematurity Day) "Индиго" отбасыны қолдау және бақылау орталығында  өткізілді. Сондай-ақ, іс-шара көптеген сұрақтарға жауап бере алды деген сенімдеміз.


0
3341

пікірлер

пікір қалдыру үшін.