Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
1 желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу күні

1 желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу күні

06 Желтоқсан 2018

Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасында «Эпидемиология» пәні бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3001 және 3002 топтары студенттерімен, оқытушылардың қатысуымен АИВ-инфекциясының профилактикасы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде қазіргі таңдағы АИВ-инфекциясының өзектілігі, профилактикалық шаралар, жастар мен студенттер арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жайлы сұрақтар қарастырылды.

Дөңгелек үстелде АИВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, инфекция көзі, берілу жолы мен факторлары, профилактикалық шаралары және диагностикасы туралы фильм көрсетілді. Студенттер  белсенді қатысып, қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды. Өте жақсы, қызықты, көңілді және танымды болды. Студенттер дайындалған материалды жақсы меңгеріп АИВ инфекциясы туралы өздерінің білімдерін нығайтты. АИВ-инфекциясының профилактикасы мақсатында барлық қатысушыларға кітапшалар, блокноттар және дәптерлер таратылды.


0
2697

пікірлер

пікір қалдыру үшін.