Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Абуали Ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінде академиялық ұтқырлық

Абуали Ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінде академиялық ұтқырлық

17 Қаңтар 2019

2018 – 2019 оқу жылының күзгі семестрі аралығында Қарағанды медицина университетінің медицина мектебінің 4 курсының 11 студенті Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласындағы Әбуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінде оқуда болды. Аталған оқу орны Орталық Азияда орналасқан ең көне оқу орындары қатарына жатқызылады. Университет көркем әрі биік таулармен қоршалған, жылы Душанбе қаласының орталығында орналасқан. Авиценна атындағы университет Кеңес одағы медицинасының ең жақсы дәстүрлерімен қатар, дүниежүзілік білім беру жүйесі мен жаңа әрі ғылыми жоғары технологияларды қатар ұштастыра білген. 8 студент «хирургиялық аурулар негіздері», «гинекология және акушерлік іс негіздері» циклы бойынша білім алса, 3 студент «ішкі аурулар негіздері», «балалар аурулары негіздері» циклы бойынша білімдерін шыңдады. Оқу аралығы барысында ҚМУ студенттері Әбуали ибни Сино атындағы ТММУ-нің қоғамдық және ғылыми өміріне белсене қатысты, дәрігерлік конференцияларға қатысты. Университеттің жоғары квалификациялы оқытушыларынан алған білімдерін түнгі кезекшілікте бекітті. Әбуали ибни Сино атындағы ТММУ-де білім алу бағдарламасы өте ұтымды, теориялық және тәжербиелік жағынан бай болғанын ескерген жөн. Сол себепті, Әбуали ибни Сино атындағы ТММУ әкімшілігіне, мемлекетаралық қатынас бөлімінің жетекшісі м.ғ.д., профессор Д.С. Додхоеваға және медицина факультетінің деканы, м.ғ.д., профессор Дж. К. Муххабатоваға алғыс білдіреміз.

Сонымен бірге, Қарағанды медицина университетінің ректоры, м.ғ.д., профессор Р.С. Досмағамбетоваға және барлық мемлекетаралық бөлімге шет елде білім алуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдіреміз.


0
3636

пікірлер

пікір қалдыру үшін.