Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түсті және өзіндік ерекшелігін ашты

Түсті және өзіндік ерекшелігін ашты

05 Наурыз 2019

28 ақпан күні Қарағанды Медицина университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстандағы Жастар жылына арналған VI-шы жыл сайынғы«Біз– әртүрліміз, біз теңбіз, біз -біргеміз» фестивалі өтті.

Ұйымдастырушылар «Жарасым» студенттік клубымен және университеттің шығармашылық бірлестіктерімен бірге ҚМУ-нің жастармен жұмыс жасау бөлімі болды. Фестивальдің басты мақсаты республикада тұратын халықтың мәдени мұрасын насихаттау, ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту және студенттер арасында төзімділік деңгейін арттыру болды.

Облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қойылымдары мерекенің сәнін келтірді. Ұлттық нақыштарымен ерекшеленген көркемөнерпаздар еліміздегі халықтардың мәдени дәстүрлерінің әртүрлілігін және ерекшелігін анықтады.

Фестиваль соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2551

пікірлер

пікір қалдыру үшін.