Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шығармашылық ер азаматтардан твист

Шығармашылық ер азаматтардан твист

11 Наурыз 2019

Халықаралық әйелдер күніне арналған концертке келген Қарағанды медицина университетінің әдемі өкілдері жағымды эмоциялардан, жақсы көңіл-күйден және ізгі тілектерден мерекелік отшашу алды.

Мерекелік бағдарламаны домбыра оркестрінің мүшелері Құрманғазы Сағырбайұлының шығармаларының бірін орындады. Содан кейін ең жақсы өлеңдерін әдемі ханымдарға арнаған «Жыр Жауһар» авторлы-ақындық клубының қатысушылары өз шығармашылығын көрсетті.  «Golden step» би театрының солистері көрермендерді әдемі би композицияларымен қуантты. Вокал үйірмесінің қатысушылары да өз өнерін көрсетті. Майданов Нуркен, Ералиева Дана, Ворончихина Ульяна және Сражадинов Максат көктем мерекесіне арналған әдемі әндерді орындады. Жастармен жұмыс жасау бөлімінің шығармашылық  ұжымы қойған концерттің әр нөмірі кәсіби дайындалған және мінсіз орындалған деп айтсақ, қателескеніміз емес.

В.Б.Молотов-Лучанский, С.С.Бобырев және Д.А.Клюев оқытушылар құрамындағы көңілді-тапқырлар клубының өнері көрермендерді таң қалдырды. Олар ұсынған би жаттығулары және университеттің ең шығармашылық ер азаматтары твист билеп жүрген құттықтау бейне түсірілімі залдағы адамдардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады.

Концерттік бағдарламаны Төлеев Айдар «Қыз бала - гүл» әнімен аяқтады.

8 наурыз мерекесімен барлық қымбатты және сүйікті әйелдерді құттықтаймыз, оларға әрі қарай кәсіби қызметтерінде табысқа жетулеріне және барлық істеріне сәттілік тілейміз!

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2269

пікірлер

пікір қалдыру үшін.