Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

20 Наурыз 2019

Орыс тілі кафедрасында көктем мерекесіне арналған «Наурыз мейрамы» атты концерт өткізілді. Шараға І курс студенттері қатысты. Концертті «Фармацевтика өндіріс технологиясы» факультетінің студенттері Ануарова Нурай мен Савридинов Отабек ашты. Олар осы тамаша да сүйікті де мерекенің дәстүрлері туралы айтып берді.

Көрермендер наурыз мейрамы туралы өз білімдерін Ұмбетулла Бақытжан мен Ақмадил Алдияр дайындаған интерактивті викторина арқылы тексере алды. Студенттердің орындауындағы қазақ биі жарқын етті. Сағинбаева Аружан және Кенжебай Арман дәстүрлі күй орындап,  Қуанышұлы Тамерлан В. Цойдың «Кукушка» әнімен келген қонақтарды құттықтады. Шетел студенттер атынан «Жалпы медицина» факультетінің 1-005 топ студентіГодара Аниша көрерменге өз биін ұсынды. Назерке Атжанова (ЖМ 1-019) «Наурыз думан» әнімен концертті аяқтады, оны көрермендер қолдап, әнге қосылып отырды.



0
2556

пікірлер

пікір қалдыру үшін.