Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Армысың, әз - Наурыз!

Армысың, әз - Наурыз!

27 Наурыз 2019

Наурыз - бұл қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік және иран тілдес халықтарының бес мың жылдан бері тойланып келе жатқан ең басты мейрамы. Наурыз - бұл табиғаттың қыстан оянып, көктем келіп, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың және жаңа өмірдің басталғандығының белгісі.

Осы мейрам қарсаңында №2 ішкі аурулар кафедрасы Облыстық клиникалық ауруханасында қайырымдылық концертін өткізді. Мерекелік шараға Медицина мектебі факультетінің 6 курс интерн-терапевттері мен 4 курс студенттері қатысты. Мерекелік безендірілген зал, құттықтаулар жазылған жарқын плакаттар әрбір келген қонақтың көңіл - күйін көтере отырып, қонақтарды жайылған дастарханымен қарсы алды.

Салтанатты мерекелік шараның ашылуы, дәстүрлі түрде, оқу-әдістемелік жұмысы бойынша м.ғ.д., профессор Л.Г.Тургунованың құттықтау сөзімен басталды. 

Қонақтарға, аурухана науқастарына және медициналық қызметкерлерге арнап ән мен би, домбырамен шертілген күйлер, ұлттық дәстүрлер және тағы басқалары көрсетілді.

Мерекелік шара көңілді, тату және есте қаларлықтай өтті.

№2 ішкі аурулар кафедрасының ұжымы


0
2399

пікірлер

пікір қалдыру үшін.