Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кардиологтар мен терапевтер форумы

Кардиологтар мен терапевтер форумы

02 Сәуір 2019

Қарағанды ​​медицина университетінің №1 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, магистрант Акерке Калимбетова Мәскеу қаласында  Кардиологтар мен терапевтердің VIII халықаралық форумына қатысты, сондай –ақ Қазақстан Республикасының атынан жалғыз спикер болды.

Ғылыми бағдарламада лекциялар, симпозиумдар, мектептер, клиникалық зерттеулер болды. Онда жетекші кардиологтар, неврологтар, пульмонологтар, эндокринологтар, нефрологтар, ревматологтар, гастроэнтерологтар және жалпы тәжірибелі дәрігерлер қатысты. Бағдарламада тұрғындардың қартаюына , сонымен қатар жіті  және созылмалы ауруларды емдеудің тиімділігін арттыруға байланысты үнемі өсіп келе жатқан қосалқы ауруларға ерекше назар аударылды. Ғылыми бағдарламада Ресейдің, ТМД және басқа да шет елдердің түрлі қалаларынан келген жетекші ғылыми және клиникалық мектептер қатысты.

Форумда жас ғалымдардың қатысуымен симпозиум болды, онда магистрант «Екі еселенген антиагрегантты терапия кезінде асқыну қаупін алдын-ала болжау» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама университетішілік грант бойынша магистрлік диссертация аясында жасалды. Баяндаманың тақырыбы бойынша негізгі сұрақтар талқыланды және оң пікірлер кері алынды.


0
2422

пікірлер

пікір қалдыру үшін.