Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Химия – ұлы күш!

Химия – ұлы күш!

09 Сәуір 2019

3 сәуір күні «Қоғамдық денсаулық және фармация» мектебінде «Жас Химик – 2019» викториналық сайысы өтті.

Сайысты ұйымдастырушы «Let’s do Chemistry» үйірмесінің жетекшісі -Алимбатыров Марлан. Викториналық сайыстың басты мақсаты, химия пәнін тереңірек түсінуге көмек беріп, студенттердің осы пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Викториналық сайыс «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 1 курс студенттері арасында өтті.Бұл білім додасы 3 кезеңнен тұрды.Яғни, «Kahoot time»,«Мерген химик», «Тікелей сұрақтар». Әр кезең өзінің ерекшелігімен және қызықтылы тапсырмаларымен танылды.Сайысқа қатысушы студенттер өз білімдерін сынап,арнайы алғыс хаттар мен жүлделі орындарға ие болды.

Сайысты тамашалап көруге «Қоғамдық денсаулық және фармация» мектебі деканының орынбасары Камарова Айсұлу Макашқызы мен «Химия және фармацевтикалық пәндер» кафедрасының жас маманы Асель Берікқызы қатысып, сайыстан алған әсерлерімен бөлісті.


0
2558

пікірлер

пікір қалдыру үшін.