Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Инфекцияны диагностикалау және емдеу мәселері талқыланды

Инфекцияны диагностикалау және емдеу мәселері талқыланды

15 Сәуір 2019

2019 жылдың 5-ші сәуірінде Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасының базасында «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасының оқытушылары«Клиникалық тәжірибеде АҚИ-дың, менингококкты инфекцияның диагностикасы мен емдеу мәселелері»тақырыбында семинар өткізді. Тақырыпты таңдау мәселенің өзектілігімен анықталады. Облыстың медицина қызметкерлерін оқыту жоспарында жұқпалы аурулар және олардың алдын алу  сұрақтары бойынша аса қауіпті инфекцияларды (сібір жарасы, оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, ботулизм) анықтаудың стандартты жағдайлары мен оларды  ересек науқастарға клиникалық практикада қолдану қарастырылды.

Таныстыру сөзін Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы И.А.  Князева бастады. АҚИ мен менингококкты инфекция мәселесіне  Қарағанды ​​қаласының «№1 Емхана» ҚММ, «№3 Емхана» ҚММ, «№5 Емхана» ҚММ жұқпалы ауру дәрігерлері, «№2 Емхана» ЖШС МФ Гиппократ, №2 МБ, «ОКБА» ҚММ, ААГО ЖШС, Сатпаев қаласының ОА ҚММ, ҚММ Абай қаласының ОА, ҚММ Қарқаралы ауданының ОА дәрігер-эпидемиологтары; ҚММ «№5 Емхана» дәрігер гинекологтары; ҚММ Теміртау қаласының ОА, ҚММ  Шахтинск қаласының ОА, ҚММ Саран қаласының ОА хирург дәрігерлері мен терапевттері; Мақажанов атындағы Облыстық Травматология және Ортопедия орталығының, ҚММ  Қарағанды қаласының №1 ҚА, ҚММ Жаңаарқа ОА, ҚММ Осакаровка ОА жалпы тәжірибелі дәрігерлері; Қарағанды қаласының БА педиатрлары, сонымен қатар ЖШС ҚО БМСК, ҚММ «№1 Емхана» және ҚММ Балхаш қаласының ОА жұқпалы аурулар дәрігерлері қызығушылық танытты. 

Профессор А.А  Ким. семинар қатысушыларының назарын менингококкты инфекция мәселесіне бұрып, КҚГҚ  диагностикасы, алдын алу  және эпидемияға қарсы шаралар сұрақтарын талқылады. Ол материалдарды таныстыру әдісімен таңдандырды – қарапайым, қолжетімді, ыңғайлы,  аудиторияны өзіне қарата білді. Профессор Ю.Г.  Стариков қазіргі кезеңдегі балалардағы қызылша ағымының ерекшеліктері туралы баяндады (әлемдегі жағдай, Қазақстан және Қарағанды ​​облысы). Аса  қауіпті инфекциялардың мәселелеріне ерекше назар аударылды, атап айтқанда PhD докторы Е.С.  Жунусов Қарағанды ​​облысында 2016 жылғы сібір жарасының таралу жағдайы мысалы бойынша сібір жарасының ажыратпалы  диагностикасы тақырыбын ашты. PhD докторы Н.Е.  Сарсекеева обаның клиника мен диагностика ерекшеліктеріне назар аударып, аса қауіпті жұқпалы аурулар кезіндегі басқару тобын хабардар ету схемасының маңыздылығын және ошақта шұғыл  алдын алу шараларының маңыздылыңы туралы ой  білдірді

  АҚИ, менингококкты инфекция мәселелері үлкен қызығушылық туғызды, өйткені аудитория көптеген сұрақтар қойды, талқылау қыза түсті. Кафедра оқытушылары барлық сұрақтарға жауап берді, тәжірибеден  клиникалық мысалдар айтты, ұсыныстар берді.

  Тыңдаушылар  кафедра оқытушыларына іс жүзінде маңызды  ақпарат ұсынғаны үшін алғыс айтты.


0
3045

пікірлер

пікір қалдыру үшін.