Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Болашақ медицина қызметкеріне бизнес-кейс

Болашақ медицина қызметкеріне бизнес-кейс

16 Сәуір 2019

Қазақстанда Mars кәмпиттерінің сатылымын 2021 жылға дейін 30% -ға қалай арттыру керек? Бұл - «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының аясында жүзеге асырылған «Кемел Кәсіпкер» бизнес-кейстерін шешу бойынша өткен чемпионтында Қарағанды медицина университетінің студенті қойған басты сұрағы болды.

Биыл чемпионатты өткізу форматы өзгерді: бизнес-кейс қатысушыларға нарыққа сапалы талдау жасау үшін (барлығы 32 команда құрылды, барлығы 158 адам) алдын ала жіберілді.

 Ұйымдастырушылар студенттерге бірнеше тапсырма берді - әр тарату арнасы үшін бөлінген кәмпиттердің өзектілігін анықтаудан, 3 жылға дейін сату көлемін ұлғайту стратегиясын әзірлеуге дейін. «MARS» компаниясы бизнес-кейсінің түпнұсқалық шешімдеріне үміттенеміз». Бүгінгі күні оның өкілдіктеріне болашақ медицина мамандарының өз өнімдері туралы пікірін тыңдау, оны жетілдіру және сатылымды ұлғайту жолдары үшін маңызды. Сіздерге қорғауда шын жүректен сәттілік тілеймін», - деп, Қарағанды медицина университетінің клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры Бахыт Нұрғалиқызы чемпионатты аша отырып атап өтті.

Барлық шешімдер кәсіпқой қазылар алқасына берілді, олар: Евразия тобының спичрайтер-сарапшысы Гульмира Матхаликова, «ТД КазРосТехника» ЖШС директоры, бизнес-жаттықтырушы, «Тәжірибелік бизнес дағдылары» тәжірибешісі Жанат Кельмагамбетов, медицина университетінің клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры Бахыт Нұрғалиқызы, жастармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы Александр Урмашов, AlmaU кәсіпкерлікті дамыту және инновациялар орталығының жетекшілері Динара Рысбекова және Данияр Бексултан.

  «Көптеген қызықты шешімдер бар. Ең алдымен, біз студенттер eco-friendly өнімдердін насихаттауға назар аударғанына қуаныштымыз. Қазақстандық тұтынушыларға бағытталған жаңа дәмдерді әзірлеу, өзін-өзі реттейтін ораманы пайдалану, кәмпит өндірісінде тәттілендіргішті қолдану, кейбір ингредиенттерді астық өнімдеріне ауыстыру туралы ұсыныстар түсті. Барлық презентациялар «MARS» өкілдеріне жіберіледі. Менің ойымша, әрбір идея компанияда қолдау табады», - чемпионаттың ұйымдастырушысы Динара Рысбекова сендірді.

Қазылар алқасы жеңісті бірнеше командаға беруді ұйғарды, алайда «Big Ideas Camp» жазғы кәсіпкерлік лагеріне қатысу құқығын тек ең жақсы спикерлер алды.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2489

пікірлер

пікір қалдыру үшін.