Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мейіргер ісі үшін жаңа құзыреттіліктер

Мейіргер ісі үшін жаңа құзыреттіліктер

17 Сәуір 2019

10-11 сәуірде Қарағанды ​ медицина университетінің мейіргерлік білім беру мектебінде Вильнюс университетінің денсаулық туралы ғылым институтының директоры Наталья Фаткулина сапары аясында Қарағанды ​​облысының тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерімен, сондай-ақ медициналық колледждерде «Колледж, қолданбалы бакалавриат, академиялық бакалавриат, магистратура, докторантура бітірген мейіргерлердің функционалды міндеттері», «Мейіргер ісіндегі менеджмент» сұрақтары бойыншадөңгелек үстел өткізіп,Литва және Еуропалық директивтерге сәйкес «Мейіргер ісі» және «Кеңейтілген мейіргерлік тәжірибе» білім беру бағдарламаларымен таныстырды.

  11 сәуірде дөңгелек үстелге қатысушылар мейіргерлік потенциалды және бейінді мамандар даярлаудың заманауи стандарттарын қарастырды. «Мейіргер  ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының құзыреттілігі мен пәндері бойынша «жанданған» пікірталас өтті. Талқылауға тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдері, мейіргерлік білім беру мектебінің деканаты, Қарағанды ​​медицина университеті кафедраларының оқытушылары, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша магистранттар және Қарағанды ​​облысының колледждерінің өкілдері қатысты. «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларының әртүрлі деңгейлерінде жаңа құзыреттерді енгізу үшін бастапқы жоспар әзірленіп, мейіргерлердің  тәжірибелік қызметін кеңейту бойынша ұсыныстар жасалды. 

  Сұрақтарды талқылауға  Черненко С.В.- №1 қалалық аурухананың бас мейіргері, Шагарова О.Д. – ОКБА  бас мейіргері, Арыстанова Р.У. - № 1 емхананың бас мейіргері, Середнякова Н.В. – ҚМУ емханасының аға мейіргері, Сатенова Г.Ш. – Абай аудандық ОАА бас мейіргері,  Жадрина К.С. – Қарағанды қ. №5 емханасының мейіргер ісін ұйымдастырушы, Нурбеков А.Н. – Қарағанды қ. Медициналық интерколледжінің  директоры, Естемесова К.А. – Қарағанды медицина университеті мейіргерлік білім беру мектебінің деканы,  Кызылбаева Б.К.- ЖМ «Теміртау медициналық колледжі» директорының орынбасары, Гусманова А.С.- Жезқазған қ.  МІ медициналық колледжінің бөлім меңгерушісі, Қарағанды медицина университеті кафедраларының оқытушылары, магистрлар, докторанттар және т.б. қатысты. 

Қарағанды медицина университеті мейіргерлік білім беру мектебі днеканының орынбасары  Онгарбаева А.И. 


0
3026

пікірлер

пікір қалдыру үшін.