Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Күрделі комплаенс

Күрделі комплаенс

24 Сәуір 2019

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде науқастардың емделуге деген бейімділігінің төмен деңгейі өзекті мәселе болып табылады. Науқастардың көпшілігі дәрігердің емделу нұсқаулықтарына, өмір сүру түріне,  ауруды алдын алу жөніндегі талаптарын орындамайтынын бәріміз білеміз. Заманауи медициналық тәжірибеде «Комлаенс» термині жиі қолдана басталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) «Комплаенс» терминін «дәріні қолдануға қатысты науқастың тәртібінің сәйкестілік дәрежесі, дәрігердің нұсқаулығымен тамақтану және өмір сүру түрін өзгерту бойынша ұсыныстарды орындау» деп түсіндіреді.

Комплаенс мәселесі өте өткір (отандық және шетелдік дереккөздердің деректері бойынша) және әр түрлі аурулар кезінде комплаенттік тәртіп 20 дан 57% құрайды. Мысалы, қант диабеті кезіндегі терапияның міндеттемесі максималды 53,3% құрайды, ал гендерлік аспекте компаенттілік ер адамдарда  (57,1%) ерекшеленеді. Жүрек-тамырлары аурулары кезінде комлаенттілік төмен көрсеткіштер көрсетеді. Кейбір ерекшеліктер болып АИТВ жұқтырғандар және артритпен ауыратындар табылады: бұл топтарда комплаенс деңгейі сәйкесінше 88 және 81% құрайды.

Қазіргі таңда әлемдік стандарт дәрігерлерден жоғары комплаенттілікті талап етеді. Осыған сәйкес ҚР денсаулық сақтау саласына әр жыл сайын жаңалықтарды енгізуде, ал Қазақстанның медициналық жоғарғы оқу орындарында «Науқас-бағдарланған амал» сияқты жаңа пәндер енізілді, бұл пәнді оқытудың мақсаты болашақ дәрігерлерді науқастармен сапалы, сенімді қарым-қатынасқа жетуді үйрету.   

Біз,  «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша оқып жатқан 6-077 топ интерндері, жаңа енгізілген пәнді ерекше қырынан бастадық, өзімізді дәрігер, науқас, науқастардың туыстары ролінде қарастырды, бірақ бұл оңай болған жоқ. 

Теориялық аспектілерді меңгере отырып, білімді жетілдіре және бекіте отырып, ситуациялық тапсырмаларды шеше отырып, «дәрігер-науқас» рольдік ойындарды ойнай отырып, өзіміздің позициямызды ұсына отырып бұл жауапкершілікті сезіне бастадық. Одан әрі Қарағанды қаласының Әскери лазаретінде науқастармен жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының ассистенттерімен бірге науқастарға арналған білім беретін «Остеохондроз-адамзат мәселесі» атты семинар өткіздік, бұл осы емдеу мекемесінің науқастарына арналған өзекті тақырып болып табылады, себебі жас ер азаматтар – офицерлер, өзінің мамандығына байланысты осы патологиямен жиі ауырады (физикалық жүктеме, нормативтер).   

Басында, біз студентер, остеохондроз туралы жалпы ақпараттарды, оны емдеудің заманауи жолдары туралы ұсындық, осыдан кейін науқастармен бірге арқа бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар кешенін жасадық. Науқастар бұл сабақты өткізуге қызығушылықтарын танытып қатысты, сұрақтар қойды. Әскери адамдар көп сөйлемейді, алайда оларға көрсетілген көңілдері үшін алғыстарын білдіп жатыр. Олар үшін алаңдайтын адамдардың бар екенін білу жақсы!

Біз ЖОО-ның тәжірибелі тәлімгерлерінен білім алу, науқаспен қарым-қатынас жасаудың баға жетпес тәжірибесін алу мүмкіндігіне қуаныштымыз! Дәрігер соматикалық ауруларды ғана емес, сондай-ақ науқастың жан жағдайын, психологиялық ерекшеліктерін түсінуі керек деп есептейміз.  Мүмкін, осыдан кейін, емделушілер 100% дәрігердің ұсыныстарын орындайтын болары!

Автор: Абдрахманова С.Ж.6-077 ЖДТ топ интерні

Құрманғазы Г.Қ.

Мактаева Ж.Т.

Сейтенова Д.Ж.


0
2893

пікірлер

пікір қалдыру үшін.