Сән, талант және сұлулық байқауы
28 сәуірде К.С. Станиславский атындағы орыс драма
театрында жыл сайынғы «Қарағанды медицина университетінің аруы мен мырзасы -
2019» сән, талант және сұлулық байқауы өтті.
Биылғы жылы іріктеу кезеңіне 40-тан астам студент қатысты, бірақ олардың 13-і финалға өтті.
Байқауды құзыретті қазылар алқасы бағалады. Байқаудың арасында біздің университеттің шығармашылық ұжымдарының вокалдық және би орындаулары болды.
«ҚМУ Вице-аруы-2019» дәрежесі «Медицина мектебінің» 2 курс студенті Байменова Аруаға, ал «ҚМУ Вице-мырзасы-2019» лауазымы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультетінің 1 курс студенті Қуанышұлы Тамирланға берілді.
Біздің университет басшылығының өкілдері және байқаудың демеушілері барлық қатысушыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, сыйлықтармен марапаттады.
Кеш құттықтаулар мен естелікке суретке түсумен аяқталды.