ҰОС ардагерлерінің үйіне бару
08 Мамыр 2019
2019 ж. 8 мамыр Жеңіс Күнін тойлауының қарсаңында практикалық
дағдылар орталығының жаттықтырушылары жалпы медицина студенттерімен бірге Ұлы Отан
соғысының ардагерлері - 1936 ж.т. Тиышбек
Муксим, 1927 ж.т.Пастухова Татьянаның үйлеріне барды.
Жаттықтырушылар мен студенттер университет
ұжымы атынан ыстық лебізбен сыйлықтарын ұсынып, келе жатқан мейраммен
құттықтап, зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір, жақсы көңіл күй тіледі. Ардагерлер кездесуге риза болды және
сдуденттер, жаттықтырушылармен естеліктерімен бөлісті. Жайлы отырыста
ардагерлер өздерінің ұрыс жолдарын еске алып, ерекше назар аударулары мен
ерліктерін еске алуларына ризалықтарын білдірді.
0
1868
пікірлер
пікір қалдыру үшін.