Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Олимпиаданың кезекті жетістігі

Олимпиаданың кезекті жетістігі

23 Мамыр 2019

14-17 мамыр аралығында Алматы қаласының С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде хирургия мен морфологиядан  бірінші халықаралық «CAOSalmaty» - 2019 студенттік олимпиада өткізілді. Қарағанды медицина университетінің атынан Курваналиев Нагы, Ивачёв Павел, Абдумуталов Нурдаулет, Салыков Еркебулан, Аркинжанов Камалдин, Жуманбаев Санжар, Уразбаев Нурлан, Сахбаев Баглан, Шестаков Дмитрий, Конысбеков Кайырбек деген студенттер қатысты. 

   Команда олимпиадаға м.ғ.д., профессор №2 хирургиялық аурулар кафедра меңгерушісі Е.М. Тургуновтың басшылығымен (Алматыға команда профессор басқаруымен барды) және де практикалық дағдылар орталығының директоры м.ғ.к., доцент Г.С. Кемелованың басшылығымен дайындалды.

         Олимпиада бағдарламасы өте қаныққан болып шықты: қатысушылар конкурстарда тек хирургия мен патологиялық анатомиядан теориялық білімдерін ғана емес сонымен қатар  диагностикалық лапароскопиядан, қолмен интракорпоральды үйлестіру, тамыр, ішек, сіңір, паренхималы тігістерінен, тері ақауларының пластикасынан практикалық білімдерін көрсетті. Хирургияның түрлі: пластикалық, абдоминалдық, жүрек- тамыр, микрохирургиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық бағыттарымен жұмыс істеді.

Қазақстаннан басқа Өзбекістаннан, Ресейден, Қырғызстаннан келген қонақтар болды. Барлығымызды С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті жылы қарсы алып, университет бойынша және қаланың басты көрікті жерлеріне экскурсия жасады. Қатысушылар арасында ортақ іске қатысты сезім мен достық атмосферасы билік құрды.

         Олимпиада қорытындысы бойынша ҚМУ командасы келесі жүлделі орындарға ие болды:

3 Жалпытоптық орын;

1 орын- «Хирургтардың анатомиялық терминдердегі эпонимдері» конкурсында:  Курваналиев Нагы, Уразбаев Нурлан;

2 орын- «қолмен интракорпоральды үйлестіру» конкурсында: Абдумуталов Нурдаулет, Сахбаев Баглан, Шестаков Дмитрий, Уразбаев Нурлан;

3 орын- «Сіңір тігісі» конкурсында : Жуманбаев Санжар, Ивачёв Павел. 

         Біздің топ ПДО және №2 хирургиялық аурулар кафедрасының базасында келесі оқу жылында  өтетін хирургиялық олимпиадаларына жаттығуларын жалғастырып жатыр.


0
2512

пікірлер

пікір қалдыру үшін.