Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Вирджиниядан жаңа тәжірибе

Вирджиниядан жаңа тәжірибе

29 Мамыр 2019

2019 жылдың 6-8 мамыры  аралығында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушы-зерттеушісі Ахметова Гүлдана Егеубайқызы білім және инновация бойынша Вирджиния техникалық университетінде (The Inn at Virginia Tech) өткен халықаралық конференциясында «Medical Students’ Experiences of a Project Design» атты баяндамасымен сөз сөйледі. Аталған зерттеу «Рухани жаңғыру» халық санасын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру аясында енгізілген пилоттық жобаның нәтижесі болып келеді. Сондай-ақ, ол аталған сессияның модераторы болып тағайындалған. 

2019 жылдың 20-шы мамырында Гүлдана Егеубайқызы кафедра отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында пилоттық жобаны қолдану тәжірибесімен бөлісіп, конференция қорытындысымен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушыларын таныстырып өтті.  Аталған мәселені талқылау барысында студенттердің өзіндік жұмысын орындауда жаңа бағыт анықталып, оны қыркүйек айынан бастап кафедраның басқа пәндер арасында қолдану шешілді. 


0
2123

пікірлер

пікір қалдыру үшін.