Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жазғы тіл мектебінің аяқталуы

Жазғы тіл мектебінің аяқталуы

10 Маусым 2019

Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған  Жол картасын жүзеге асыру мақсатында 27.05.19 - 07.06.19 аралығында  шет тілдер кафедрасында «Ағылшын тілі күн сайын» жазғы тақырыптық тіл мектебі ұйымдастырылды. Бұл мектептің бағдарламасы «Адамдар мен қатынастар», «Ғылым және технологиялар», «Өнер» және т.б. тақырыптар бойынша студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Лексикалық тақырыптарды оқып үйрену кезінде шет тілін естіп қабылдау, сөздік қорды байыту және тұрақты тіркестерді дұрыс қолдану дағдыларын дамытуға үлкен назар аударылды. Жазғы мектеп оқушылары үшін көптеген қызықты сабақтар өткізген Барселона (Испания) университетінің қазіргі заманғы әдебиет және ағылшын тілдер кафедрасының доценті, Еуропалық Екінші тіл үйрету қауымдастығының (EUROSLA) вице-президенті Роджер Гилаберт қатысты. Сабақтар белсенді оқыту әдістері мен компьютерлік оқыту бағдарламалары бойынша жүргізіледі.


0
2164

пікірлер

пікір қалдыру үшін.