Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Экзотикалық ғибадатханалар қаласында алынған білім

Экзотикалық ғибадатханалар қаласында алынған білім

21 Маусым 2019

"Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының бірінші курс магистранттары Укубаев Темирлан және Дүйсенбиева Луиза 2019 жылдың ақпан айынан маусым айына дейін Ханой медициналық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.

Ханой Медициналық Университеті елдің астанасы, Ханой қаласында орналасқан Вьетнамдағы ең көне университеттердің бірі.

"OneHealthNetworkSouthEastAsia - SEAOHUN" Қоғамдық денсаулық сақтау магистранттары білім алатын және тәжірибеден өтетін платформа ComAcross және LACANET жобасы болып табылады. "OneHealth" бірлескен, көп секторлы және пәнаралық тәсіл ретінде анықталады – жергілікті, өңірлік, ұлттық және жаһандық деңгейлердегі жұмыс. Мақсаты адам, жануарлар, өсімдіктер мен олардың қоршаған ортасының арасындағы өзара байланысты мойындайтын денсаулыққа қатысты оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.

Оқыту ағылшын тілінде өтті. Жалпы академиялық кезеңде "Health Policy and Management", "Global Health", "Public Health Ethics", "Health Promotion and Education" және "Population and Health" сияқты "OneHealth"платформасы бойынша 5 цикл өтті. Оқу бағдарламасы Жергілікті профессорлық-оқытушылар құрамы мен шетелдік профессорлардың басшылығымен өткізілген дәрістер мен практикалық сабақтардан тұрды. Әр циклді өткізуде топтарда жұмыс істеуге баса назар аударылатын оқытудың өзіндік белгілі бір әдісі болды.

Ханой-экзотикалық ғибадатханалар мен пагодалардың қаласы, әсем колониалдық виллалар, шулы тар көшелер мен кең бульварлар, әдемі көлдердің жасыл желектерімен қоршалған.  Ханой медициналық университеті бізді жақсы қарсы алды. Профессор-педагогтер ұжымы бізге іске деген құзыретті көзқарасымен және туындаған мәселелерді шешумен ұнады.

Ұжымның әр студентпен қарым-қатынасы орнады, қолдау мен көңіл-күй сезіледі, жатақханада тұру үшін барлық жағдай жасалған.

Ханой қаласындағы медициналық университетте алған білім бізге болашақта оқу мен тәжірибеде пайдамен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Укубаев Темирлан және Дүйсенбиева Луиза, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистранттары.


0
2304

пікірлер

пікір қалдыру үшін.