Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медицина магистрі дәрежесін алды

Медицина магистрі дәрежесін алды

28 Маусым 2019

25 шілдеде 6М110200 -"Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша 3 магистрлік диссертация қорғалды

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы м. ғ. к., "Астана медицина университеті" АҚ №2 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) Р.З.Мағзұмова болды.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрамына кірді:

- МАК төрағасының орынбасары, м.ғ.д., Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры Д.Б.Кулов;

- Қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультетінің деканы, PhD докторы Серік Бахтияр;

- нутрициология және гигиена кафедрасының меңгерушісі, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры, м. ғ. к., профессоры М.Г.Қалишев;

- Қарағанды облысының Тауарларменкөрсетілетінқызметтерсапасынжәнеқауіпсіздігінбақылаукомитетідепартаменті басшысының орынбасары Ю.Л.Залыгин;

- Қарағанды облысы Тауарларменкөрсетілетінқызметтерсапасынжәнеқауіпсіздігінбақылаукомитетідепартаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысының орынбасары Г.Ж.Байгутанова;

- Қарағанды облысының Тауарларменкөрсетілетінқызметтерсапасынжәнеқауіпсіздігінбақылаукомитетідепартаменті басшысының м. а. О.В.Смирнова

- Хатшы - Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының аға оқытушысы Ш.Ж.Джакетаева

Барлық диссертациялық жұмыстар мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен және қатысқан мамандармен жоғары бағаланды және "өте жақсы" бағасыменмақұлданды. Диссертациялық зерттеулерді қорғау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді.

Қорытынды сөздерде МАК төрағасы Қарағанды медицина университеті әрдайым ғылым дамуының жоғары көрсеткішімен атап өтілгендігін, диссертациялық жұмыстардың тақырыптары қызықты және өзекті екенін атап өтті, түлектерге сәттілік тіледі және барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі С.Р.Жакенованың ұсынымдары мен тілектері үшін алғыссөздері айтылды.

6М110200 "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының түлектерін магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленуімен құттықтаймыз және еңбек қызметінде табыстар тілейміз!


0
2420

пікірлер

пікір қалдыру үшін.