Инсультпен күресу жөніндегі IV Ұлттық Қауымдастығының съезі
2019 жылдың 15-19 маусымында Санкт-ПетербургтеИнсультпен күресу жөніндегі IV Ұлттық Қауымдастығының съезі өтті. Жауапты жетекші неврологтар және шетелдік неврологтар, инсультпен күрес жөніндегі ұлттық қауымдастықтың Төралқасы мен басқармасының мүшелері, Ресей, Қазақстан және Тәуелсіз мемлекеттердің, сондай-ақ Еуропадан, Солтүстік Америкадан, Австралиядан және әлемнің басқа өңірлерінен келген 4 мыңға жуық делегат пен қонақтар конгресс пен съез жұмысына қатысты. Форумға неврологтармен қатар аралас пәндер дәрігерлері қатысты (нейрохирургтар, реаниматологтар, терапевттар, кардиологтар, тамыр хирургтары, реабилитологтар, клиникалық фармакологтар, психиатрлар), сонымен қатар, медициналық – биологиялық мамандар-биологтар, генетиктер, биохимиктер, нейроморфологтар, фармакологтар, физиологтар, иммунологтар қатысты.