Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Клиникалық психология бойынша инновациялық бағдарлама - денсаулық сақтауда қажет

Клиникалық психология бойынша инновациялық бағдарлама - денсаулық сақтауда қажет

19 Шілде 2019

Алдағы оқу жылында Қарағанды медицина университеті, медицина мектебінде алғашқы рет бакалавриаттың инновациялық білім беру бағдарламасы - клиникалық психология енгізеді. Клиникалық психолог - бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жағдайында өте қажетті мамандық, бұл психикалық үдерістердің психодиагностикасын, пациенттің жеке қасиеттерін, тұлғалық өсу ресурстарын, ауруға, емделуге және сауығуға қарым-қатынасты жүргізу үшін, бейінді маманға қажетті, денсаулық сақтау жүйесінің толық құқылы қатысушысы.Кез келген медициналық бейіндегі клиникада және  менталдық Денсаулық клиникаларында - психиатриялық және наркологиялық - клиникалық психологқа қажеттілік бар. Клиникалық психолог - психокоррекция мен психотерапияның кең спектрін меңгерген, әртүрлі аурулары бар пациенттерді оңалту командасының жетекші қатысушысы.

  “Клиникалық психологияның" білім беру бағдарламасындағы  сөзсіз артықшылықтары»:

·  Екі дипломды жоғары білім (осы білім беру бағдарламасымен  екі

университетке түсуге мүмкүндік бар – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және  КеАҚ Қарағанды медицина университеті»

·  Төрт жылдық оқуды аяқтағаннан кейін бітіруші "клиникалық психология" - оқытудың жаңа бағыты бойынша жоғарыда аталған университеттердің екі дипломын алады, денсаулық сақтаудың кейбір мамандықтары бойынша да, әлеуметтік ғылымдар саласында да магистратурада оқуын жалғастыра алады.

·  Бағдарлама клиникалық психологияны оқытудың қазіргі заманғы әлемдік стандарттарына сәйкес келетін 50-ден астам пәндерді қамтиды - қазақ және орыс тілдеріндегі сабақтарды жоғарыда аталған жоғары оқу орындарының жетекші психологтары, неврологтар, психиатрлар және психотерапевтері жүргізеді.

·  Кәсіби қажеттілік пен кәсіби өсудің болашағы жоғары - заманауи психотерапия, психокоррекция  Қазақстанда қарқынды дамып келеді.

 


0
3004

пікірлер

пікір қалдыру үшін.