Алло, біз дарынды жастарды іздейміз– 2019
18 Қыркүйек 2019
14 қыркүйек күні ең харизмалық және шығармашыл бірінші курс студенттері университеттің акт залына жыл сайынғы «Алло, біз дарынды жастарды іздейміз!» атты байқауға қатысу үшін жиналды.
Дарынды студенттердің өзіндік жәрмеңкесі болып табылатын жас таланттардың байқауы студенттердің бастамасын қолдау аясында өткізіліп, болашақ медицина мамандарына олардың шығармашылық әлеуеттерін ашуға көмектесу үшін арналған.
Шығармашылық ұжымдар мен студенттік бірлестіктердің жетекшілері жиналғандарды өздерінің команда шығармашылығымен таныстырып, көрнекті презенацияларын көрсетті.
Үйірмедегі сабақтар көпшілікке сахнаға шығуға мүмкіндік береді, алғаш рет өз күшін сынап, шығармашылық мүмкіндігін іске асырады.
Жастармен жұмыс жасау бөлімі
0
2648
пікірлер
пікір қалдыру үшін.