Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұстаз, сіздің атыңыздың алдында...

Ұстаз, сіздің атыңыздың алдында...

02 Қазан 2019

1 қазан күні Қарағанды медицина университетінің студенттері – шығармашылық ұжымдарының қатысушылары еңбек ардагерлері, тәлімгерлер мен өздерінің оқытушыларына керемет мерекелік көңіл-күй, көптеген шынайы махаббат пен құрмет сөздерін сыйлады.

Ұстаздар күні көптеген жылдар бойы Қазақстанда басты және құрметті кәсіби мерекелердің бірі болып саналады.

Мерекелік концертті вокал үйірмесінің мүшелері Бейшен Самат, Ералиева Дана және Садықов Сәкен құрметті ұстаздарға арналған «Ұстазым» әнімен ашты. Залға жас орындаушылар енгізген лирикалық ноталар әр көрерменнің жүрегінде өз жауабын тапты.

Көрермендер «Қаракөз» би ұжымының «Қара жорға» әсерлі биін және «Golden step» би ұжымының «Вальс» компjзициясын жылы қабылдады.

Құттықтау эстафетасын поэтикалық шығармалардан үзінділер орындаған «Жыр жауһар» авторлық клубының қатысушылары алды. Сондай-ақ, жас вокалист Майданов Нүркен «Птица счастья» барлық уақыттағы хитімен, Едіге Әсем, Қабылдинова Маржан, Сагиева Салтанат шығармашылық триосы «Әсем ән» әнімен, халықаралық факультетінің студенті Танай Матхур «All of me» әнімен көрермендерді қуантты.

Салтанатты кеш концерттің барлық қатысушыларының орындауымен «Менің Қазақстаным» композициясымен аяқталды.

Бағдарламаның соңында көрермендер керемет көңіл-күй сыйлағандары үшін мерекелік концерттің барлық қатысушыларына қошемет көрсетті.


0
1869

пікірлер

пікір қалдыру үшін.