Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ХХ-шы мерейтой

ХХ-шы мерейтой

08 Қазан 2019

29 қыркүйекте Қарағанды медицина университетінде студенттер арасында футболдан ХХ-ші чемпионат басталды.

   Мерейтойлық біріншілікте ҚМУ факультеттері мен мамандықтары, жатақханалары атынан 8 студенттік команда, сонымен қатар ҚарМТУ мен «Академиядан» жыл сайынғы қонақтар қатысты.

     Университет чемпионаты алғаш рет 2014 жылдың көктемінде Жастармен жұмыс бөлімі мен дене тәрбиесі кафедрасының бастамасымен өтті.  Жобаның негізгі мақсаты - студенттерді спортқа тұрақты түрде баулу және университетте футболды насихаттау.

     Турнирдің басты міндеттерінің бірі - болашақ маманның дені сау және үйлесімді  тұлғасын қалыптастыруда спорттың рөлін арттыру. Студенттік жастар әрдайым салауатты ұлт пен патриотизмді қалыптастырудың қозғаушы күші болып келеді.  

 Футбол - әлемдегі  №1 спорт түрі. Футболдың бір түрі - футзал Қазақстанда аса танымал емес. Жанкүйерлердің есіне Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы «Қайраттың» ең танымал үлкен еуропалық футзалды жеңгендерін, Қазақстан ұлттық құрамасының Колумбияда өткен Әлем кубогындағы өнер көрсетуін, 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа чемпионатында біздің команданың «қола» жүлдесін және 2018 жылдың студенттер арасындағы әлем чемпионатының «күміс» жүлдесі түсті.

     Студенттік спорт - бұл кәсіби спорттың ең жақын резерві. Бүгінгі студенттер,  егер оларға өсуге жағдай жасаса, ертең олар ірі турнирлерде:  студенттік универсиадалардан бастап әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарынан Қазақстан үшін медальдар жеңіп әкеледі.

    Бірнеше рет сәтті өткізілген чемпионаттар, қатысушылардың тұрақты келуі және аймақтық футбол чемпионатының барлық лигаларында ойнайтын ҚМУ студенттерінің көпшілігі бұл жобаның университетте де, сонымен бірге облыстық деңгейдеде үлкен перспективалары бар екенін айқын көрсетті.

    Футбол турнирін тұрақты түрде өткізу университетте спорттың дамуына сапалы серпін береді. Салауатты өмір салтын ұстанатын студенттер саны мен потенциалды үміткерлерді университетке жұмылдыру деңгейі артып келеді. Футбол чемпионаты жастарға жағымды әсер етіп, университеттің оң имиджін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

  Жастармен жұмыс жасау бөлімі

   Физикалық денсаулық орталығы


0
1949

пікірлер

пікір қалдыру үшін.