Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Нан күні

24 Қазан 2019

16 қазан, жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Самұрық» Студенттік Республикасымен және студенттерді қолдау қызметімен бірлесіп, Бүкіләлемдік нан күніне арналған нан көрмесін ұйымдастырды.

Ежелден, барлық елдерде, барлық ұлттарда нан үстелде басты тағам болып саналды.

Әр халықтың мәдениетінде, әрдайым және барлық жерде, отбасында молшылық пен игіліктің символы ретінде нанға деген құрмет пен ұқыпты қарым-қатынас өзгеріссіз қалады.

Шағын көрме аясында түрлі елдердің нан-тоқаш өнімдерінің алуан түрлілігін ұсынуға университеттің шығармашылық үйірмелері мен жастар ұйымдарының қатысушылары тырысты.

«Ынталы Студенттер клубы» неміс халқының асханасын ұсынды, «Insight» пікірталас клубы орыс халқының асханасын, «Next generation» волонтерлік ұйымы грузин халқының асханасын, «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығы әзірбайжан халқының асханасын, «KazMSA» жастар бірлестігі қазақ халқының асханасын, «Намыс» пікірталас клубы өзбек халқының асханасын, «Ақжүніс» қыздар клубы және халықаралық медицина факультеті үнді халқының асханасын. 

Көрме-жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

  III орын – үнді халқының нан-тоқаш өнімдерін ұсынған Халықаралық факультет алды;

  II орын – өзбек нан-тоқаш өнімдерін ұсынған «Намыс» пікірталас клубы алды; 

  Ұлттық нан-тоқаш өнімдерінің көрме-конкурсының жеңімпазы ретінде «Ақжүніс» қыздар клубынан түрік тағамдарының рецептісі бойынша нан және бәліш дайындаған қыздар алды.

Көрме университет студенттеріне өте ұнады, өйткені барлық ұсынылған «экспонаттарды» қандай да бір шектеусіз дәмін татуға болады.

Студенттерді қолдау қызметі


0
1986

пікірлер

пікір қалдыру үшін.