Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқытушыларға деген махаббат

Оқытушыларға деген махаббат

13 Қараша 2019

2019 жылдың 6 қарашасында Қарағанды ​​медицина университетінің бірінші ректоры Пётр Моисеевич Поспеловтың туған күніне орай «Жалпы медицина» мамандығының 3-036 тобының студенттері мұражай меңгерушісі Н.Ф.Сайфулинамен, Қоғамдық денсаулық сақтау, биомедицина және фармация мектебінің профессоры С.Р.Жакеновамен Старомихайловский зиратына барды.  ҚММИ ректоры П.М.Поспеловтың,(1984-1989 жж.) Н. А. Хлоповтың, қалыпты анатомия кафедрасының негізін қалаушы З.Г. Слободиннің, биохимия кафедрасының бірінші меңгерушісі В. И. Якубовскаяның, фармакология кафедрасын ұйымдастырушысы А.Д.Штайнбергтің зираттарындағы күзгі жапырақтарды тазалады. Болашақ дәрігерлер институттың құрылу тарихымен танысып, оның негізін қалаушы және университеттің алғашқы ұйымдастырушыларымен қалыптасқан  салт-дәстүрлер туралы білді.


0
1825

пікірлер

пікір қалдыру үшін.