Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түлегімізді мақтан тұтамыз!

Түлегімізді мақтан тұтамыз!

13 Қараша 2019

Қараша айының басында Қарағанды – Шахтинск трассасында жол – көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Кирилл Демьянов ауыр жарақат алды.Қарағанды Медицина университетінің «Жалпы дәрігерлік тәжірбие» бағыты бойынша осы жылғы түлегі Эдурард Шайдуллин кездейсоқ жол апатының куәсі болды. Қазіргі таңда Эдуард Шахтинск қаласының емханасында жұмыс жасайды.

Жас дәрігер жедел жәрдем жеткенше жәбірленушіге көмек көрсетті. Жәбірленушінің жұбайы Татьянаның айтуынша Эдуард батыл және кәсіби әрекет етті, қан қысымын өлшеп, тамыр соғысын қадағалап, Кирилл есін жоғалтпау үшін қолынан келгенін жасады.Дәрігер университте алған барлық білімі мен дағдыларын осы жағдайда қолданды. «103» қызмет бригадасының келуін күтіп, жәбірленушіні әріптестеріне тапсырды да, жолын жалғастырды.

Эдуардттың бұл әрекеті БАҚ өкілдерінен білген Қарағандылықтарды тәнті етті. Жас дәрігерді әріптестері мен университет оқытушылары мақтан тұтады. Жоғарғы Қарағанды Медицина Университетінің лайықты түлегі.

Медицина мектебі, Эдуард Шайдуллин оқуда байсалды мінезімен және еңбексүйгіштігімен ерекшеленетін студент болды деп өз ойларымен бөлісті. Жолдағы жағдай жас дәрігердің батыл, жауапкершілікті екенін көрсетті. Ол ойланбастан, уақыт жоғалтпастан өзінің міндетін атқарып адам өмірін сақтап қалды. Жоғары деңгейде жасады. Түлегімізді мақтан тұтамыз! 


0
2160

пікірлер

пікір қалдыру үшін.