Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Танымдық сабақтар

Танымдық сабақтар

20 Қараша 2019

2019 жылдың 4-15 қарашасы аралығында Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Алиева Меруерт Төлеуханқызы BOLASHAQ университетінде (Қарағанды қ.) академиялық ұтқырлық аясында сабақ өткізді. М.Т.Алиева «BOLASHAQ» университетінің барлық мамандықтар студенттеріне «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ және СӨЖ өткізді.

Оқытушы дәріс өткізу үшін слайд-презентация дайындады. Студенттер оқытушының кәсіпқойлығын, байланысқа бейімділігін және оқу үрдісін жоғары деңгейде ұйымдастыра білгенін атап өтті, яғни бұл студенттердің танымдық деңгейін көтеруге мүмкіндіктер берді.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде, рухани құндылықтарды және тарихи сабақтастықты қалыптастыруда, қазақстандық бірегейлікті және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сәтімен іске асыруды нығайтуда «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні үлкен орын алады. Осыған байланысты оқытушының алдында тұрған мақсат – қазіргі заманғы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері туралы шынайы тарихи білім беру, мемлекеттіліктің қалыптасуы және дамуы мәселелері және тарихи-мәдени үрдістерге студенттердің назарын аудару болды.

Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының

ассистент-профессоры М.Т.Алиева


0
2106

пікірлер

пікір қалдыру үшін.