Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түлектердің тәжрибиелік дағдыларын жетілдіру

Түлектердің тәжрибиелік дағдыларын жетілдіру

21 Қараша 2019

Интернатура жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру нысаны ретінде жоғары медициналық оқу орындары түлектерінің теориялық білімі мен тәжрибиелік дағдыларын жетілдіруге, таңдаған мамандығы бойынша тәуелсіз кәсіби қызметке дайындығын арттыруға бағытталған. Жергілікті жерде тағылымдамадан өту жобасы болашақ дәрігерлік тәжрибиеге мамн дайындаудағы маңызды сәт болып табылады.

КеАҚ Қарағанды медицина университетінің медицина мектебінің деканы Газалиева Меруерт Арстановна Абай қаласының Орталық ауруханасына барды, бұл көшпелі интернатура өтетін бірден – бір база болып табылады. Ауруханада бір ауысымда 525 келушіге арналған емхана бар, ол қала және оған жақын аудандардың тұрғындарына алғашқы медициналық көмек және клиникалық диагностикалық қызмет көрсетеді. Клиника құрамына отбасылық денсаулық орталығы, жастар орталығы,профилактикалық және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімдері,консультативті – диагностикалық көмек, 40 орынға арналған күндізгі стационар бар. Терапевтикалық, неврологиялық, хирургиялық, травамтологиялық, педиатриялық бағыттардағы 97 орынға арналған тәулік бойы жұмыс жасайтын аурухана, перзентхана, жүкті әйелдердің патологиясы, жедел көмек көрсету бөлімі бар.

Бас дәрігердің орынбасары Армиянов Тимур Серикбайұлы көшпелі интернатура аясында өзара байланысы туралы айтты: Интерндер дербес ем алушыларға диагноз қойып, емдеу кезінде ем алушының жағдайын бақылайды. Көшпелі интернатураның артықшылығы моноқалалардағы, ауылдардағы емханаларда және болашақ дәрігерлер өз қолдарымен м анипуляция жасауға, операция кезінде хирургтарға көмек көрстеуге, ауыр жағдайларда науқастар мен олардың туыстарына дұрыс сөздерді жеткізуге үйренеді. Біздің емханамыздың дәрігерлеріне интерндер тарапынан құжаттарды реттеу, КМАЖ жұмыс жасауда үлкен көмек беретінін айтқымыз келеді.

Интерндер өздерінің тәлімгерлері Армиянов Тимур Серикбайұлына, Утегенов Айдын Утегенұлына, Акулич Людмила Владимировнаға парасатты басшылығына алғысатрын білдірді.


0
2402

пікірлер

пікір қалдыру үшін.