Запастағы лейтенанттарға погондарды тапсыру – әскери кафедраның жаңа дәстүрі
2019 жылдың 14 желтоқсанында Қарағанды медицина университеті әскери кафедрасының түлектеріне, яғни запастағы жас лейтенанттарға погондарды тапсыру салтанаты болып өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Әскери кафедра құрылғаннан бастап, осы күнге дейін 22 мыңнан астам түлек бітірді.
Ауған соғысының ардагері, «КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанға қызметі үшін» III дәрежелі орденінің кавалері, әскери кафедраның аға оқытушысы, медицина қызметінің отставкадағы полковнигі Балтынов Ғабдулла Зайданұлы құттықтау сөз сөйледі.
Салтанаттың ресми бөлімі әдеттегідей фотосессиямен аяқталды.
Бұдан былай запастағы лейтенанттарға погондарды салтанатты түрде тапсыру біздің әскери кафедраның дәстүріне айналатын болады.
Офицерлік шеннің болуы түлектерге, егер қаласа, Қарулы Күштерде келісім-шарт жасасуға, сонымен қатар азаматтық кәсіпорындарда жұмысқа орналасуға көбірек мүмкіндіктер береді.
Әскери кафедраның әр түлегін «Запастағы лейтенант» әскери атағын алуларымен құттықтаймыз!