Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық адалдық лигасының мониторингі

Академиялық адалдық лигасының мониторингі

03 Наурыз 2020

25 және 26 ақпанда М.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің қызметі бойынша  және  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына және академиялық адалдық Лигасы стандарттарының сақталуы бойынша мониторинг өтті.  Сараптамалық топтың құрамына «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның комплаенс-офицері Урмашов Александр Николаевич кірді. 

Мониторингтің негізгі міндеттері болып табылады:

- академиялық адалдықты бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын анықтау;

- білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлер үшін академиялық адалдық қағидаттары мен стандарттарын насихаттау және түсіндіру;

- академиялық адалдықтың бұзылуын жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Мониторинг тобының мүшелері Мониторинг объектілерін Лига стандарттарына, академиялық адалдық негізгі қағидаларына және Adal Bilim жобалық кеңсесі әзірлеген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелі картасына» сәйкес бағалайды. Бұзушылықтардың болуына және деңгейіне байланысты әр Мониторингке үш рейтингтің біреуі беріледі: «ЖЖКБҰ-дың осы Мониторинг нысаны бойынша Лиганың талаптарына сәйкес келмейді», «ЖЖКБҰ-дың осы Мониторинг нысаны үшін Лиганың талаптарына жартылай сәйкес келеді» және «ЖЖКБҰ-дың осы Мониторинг объектісіне Лиганың талаптарына сәйкес келеді». 

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ 2018 жылдың қараша айынан бастап академиялық адалдық Лигасының мүшесі болғандығы туралы айта кету керек. 

Комплаенс-кеңсе


0
1961

пікірлер

пікір қалдыру үшін.