Тексеріс нәтижелі өтті
19 Мамыр 2020
Короновирус пандемиясына байланысты еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің алдында көптеген кезек күттірмес міндеттер тұр. Атап айтсақ, бұл – жауынгерлік дайындық пен қорғаныс қабілетінің қажетті деңгейін қолдау.
2020 жылдың 13 мамырында Қарағанды гарнизоны Әскери полициясының лауазымдық тұлғалары үстіміздегі жылдың 4 мамырында аппараттық жиналыста бекітілген, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрі өкімдерінің негізінде берілген талаптар бойынша Қарағанды медицина университеті әскери кафедрасының қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау, сонымен бірге әскерлер қызметін ұйымдастыру деңгейін тексерді.
Тексеріс нәтижесінде әскерлер қызметін ұйымдастыру мен оқу қару-жарағын сақтау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жарғыларының және басқарушы құжаттардың талаптарына сай екендігі көрсетілген акт жасалды. Осылайша, әскери кафедра ұжымы қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында тек қана оқу-білім беру жұмыстарын өткізіп қана қоймай, сондай-ақ жауынгерлік дайындық пен әскери тәртіпті тиісті деңгейде сақтайтынын көрсетті.
0
2621
пікірлер
пікір қалдыру үшін.