Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Диссертацияның онлайн түрде қорғалуы

Диссертацияның онлайн түрде қорғалуы

27 Шілде 2020

2020 жылдың 22 шілде айында «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ жанындағы «6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша диссертациялық Кеңес Мергентай Айгульдің «Жалпы практика дәрігерлерінің нормативтік жүктемелерін жетілдіру жолдарының ғылыми негіздемесі» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған диссертацияның онлайн – қорғауын өткізді. Диссертация «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ – та орындалды.

Ресми рецензенттері:

Ибраев Серік Есендірұлы – м.ғ.д., «Астана медицина университеті» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры, Alanda клиникасының директоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.

Даулеткалиева Жания Абаевна – PhD, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ Қоғамдық денсаулық, биомедицина және фармация мектебінің қауымдастырылған профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы

Ғылыми кеңесшілер:

Кулов Дюсентай Баркенович – м.ғ.д., «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ Қоғамдық денсаулық, биомедицина және фармация мектебінің профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.

Койков Виталий Викторович  –  м.ғ.д., ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығы» РМК ШЖҚ Білім және ғылымды дамыту орталығының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.

Омаркулов Бауыржан Каденович – м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ қоғамдық денсаулық және кәсіптік денсаулық институтының директоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.

Сон Ирина Михайловна - м.ғ.д.,профессор,РФ ДСМ «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және ақпараттандырудың орталықтың ғылыми-зерттеу институты» ФМБМ директорының ғылым жөніндегі орынбасары, Мәскеуқ., Ресей Федерациясы.

Отырыстың қортындысы бойынша, диссертациялық Кеңестің мүшелері бірауыздан докторант Мергентай Айгульдің жұмысын қолдап, оған 6D110200 - Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беруді ұсынды. Диссертациялық кеңес Мергентай Айгульді қорғаумен құттықтайды және оған одан әрі табыс тілейді!


0
2963

пікірлер

пікір қалдыру үшін.