Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық білім беруде қашықтықтан оқыту мектебі

Медициналық білім беруде қашықтықтан оқыту мектебі

04 Қыркүйек 2020

 2020 жылдың қыркүйектің 1 мен 4 аралығында Қарағанды ​​медициналық университетінде «МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ МЕКТЕБІ» атты онлайн-ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Ғылыми-әдістемелік семинардың талқыланған тақырыптары:

• «Қарағанды ​​медициналық университетінде қашықтықтан оқыту стратегиясы»

• «Ашық онлайн курстарды құрастыру»

• «Қашықтықтан оқыту құралдары»

• «Кітапхананың электрондық ресурстарымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық»

• «Онлайн режимінде топтық сабақтарды ұйымдастыру»

• «Қашықтықтан оқытудың сандық технологиялары»

Семинар QMU.WEBEX.COM  платформасында өтті. 

Ғылыми-әдістемелік семинардың спикерлері тыңдаушыларға келесі мәліметтерді көрсетті:

• студенттермен тиімді жұмыс жасауға арналған платформаларды;

• дәрістер, зертханалық тапсырмалар, топтық жұмыс, тестілеу мен сауалнамалар жүргізуге арналған ресурстарды;

• ашық онлайн курсты қалай құру;

• КеАҚ ҚМУ кітапханасындағы электрондық ресурстардың мазмұнымен таныстырылды;

• Documentolog және WEBEX платформасында тиімді жұмыс істеу әдісі.

144 қызметкер ғылыми-әдістемелік семинарға тіркелді, оның 110-ы белсенді қатысты. Төрт күндік семинардың соңында тыңдаушылар семинар материалдары негізінде тестілеуден өтті.

Семинардың барлық материалдары Университет сайтында орналастырылған.

Семинар нәтижесінде барлық тыңдаушылар кері байланыс сауалнамасынан өтті. Тыңдаушылардың 67,6% -ы семинардың ұйымдастырылуын «өте жақсы», ал 32,4% -ы «жақсы» деп бағалады. Барлық қатысушылар ақпараттың маңыздылығын және өз жұмысында қолдануға болатындығын атап өтті (100%), сонымен қатар семинардың нәтижелерімен қанағаттанды (100%).


0
2269

пікірлер

пікір қалдыру үшін.