Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мамандықпен танысу

Мамандықпен танысу

07 Қазан 2020

2020 жылдың 5 қазанында Zoom платформасында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған онлайн-кеңес өтті.  Кездесуді Фармация мектебінің сенаторы Алимбатыров Марлан жүргізді.  Онлайн-кеңес берудің мақсаты - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығымен танысу.

Кездесу келесі тақырыптарды қамтыды:

∙ бітіруші бітіргеннен кейін қай жерде және кім болып жұмыс істей алады;

∙ университетті бітірген кезде түлектің алатын академиялық дәрежесі;

∙ осы мамандықтың артықшылықтары;

осы мамандық бағыттарының кең спектрі;

∙ отандық фармацевтикалық өндіріс;

∙ әлемдегі жетекші фармацевтикалық компаниялар.

Консультация барысында сенатор студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Онлайн-кеңеске қатысушылар сенаторға онлайн кездесу өткізіп, таңдаған мамандығы туралы түсінік қалыптастырғаны үшін ризашылықтарын білдіреді.


0
1781

пікірлер

пікір қалдыру үшін.