Жақсы деңгейде
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «NurOtan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтің 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасы негізінде және университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу жоспарын іске асыруда «NurOtan» партиясының «JasOtan» жастар қанаты және комплаенс-кеңсемен бірге университет жатақханаларында мониторинг жүргізу бастамасы орын алды.
Жатақханаларда мониторинг жүргізу негізі білім алушыларды орналастыру процесінде бұзушылықтарды анықтау болып, тұрмыстық жағдайларын бағалау және қашықтықтан оқыту форматына қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қарағанды облысының құрамында белсенділері бар «JasOtan» жастар қанаты Мониторинг тобымен Медицина университетінің 2 жатақханасына тексеріс жүргізді.Кампания барысында жатақханалар тексерілді, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды.
Университетте тоқсан сайын университет жатақханаларындағы тұрмыстық жағдайларды бақылау жөніндегі комиссия жұмыс жасайтынын айта кету керек.
Комплаенс-кеңсесі