Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
COVID-19- МСАК қатерлері мен сабақтары

COVID-19- МСАК қатерлері мен сабақтары

28 Қазан 2020

2020 жылдың 27-28 қазаны аралығында Қарағанды медицина университетінде академик Төрегелді Шармановтың 90-жылдығына және Қарағанды медицина университетінің 70-жылдығына орай МСАК бойынша Алматы Декларациясының 42 жылдығына арналған «COVID-19- МСАК қатерлері мен сабақтары» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өтуде.

Конференцияға қатысушылар-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының МСАК жөніндегі географиялық қашықтағы  кеңсесінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Денсаулық сақтау басқармаларының, «Медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның және оның филиалдарының, медициналық университеттер мен медициналық колледждердің, МСАК ұйымдарының өкілдері.

Ұйымдастырушылар: «Primary Health Care» Ұлттық ассоциациясы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ.

Онда пандемия кезінде  алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесін дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.

Конференция ДДСҰ Еуропалық денсаулық сақтау орталығы, ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі, Грузия, Литва, Украина елдерінен келген дәрігер,  ғалым, сарапшылар мен өңірлердегі дәрігерлердің басын қосты. Жиын МСАК жөніндегі 1978 жылғы Алматы декларациясында айқындалған халық денсаулығын сақтаудағы алғашқы медициналық-санитариялық көмектің маңыздылығына арналған.

«COVID-19 пандемиясы мемлекеттер мен қауымдастықтардың, ең алдымен денсаулық сақтау жүйесінің заманауи жаһандық сын-қатерге дайындығын бағдарлайтын индикаторға айналды. Ал Қазақстан коронавирус инфекциясының алғашқы толқынынан алған сабағы -  МСАК-ты нығайту», - деді А.Цой.⠀

А.Цой конференцияны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төрегелді Шарманұлы Шармановты 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Профессор өз сөзінде Алматы декларациясы 1978 жылғы 12 қыркүйекте «Баршаға денсаулық» ұранымен өткен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі халықаралық конференцияның соңғы күні қабылданғанын еске салды.

«Декларацияда қауіпсіз қоршаған орта, су, азық-түлік, білікті медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және ана мен балаға жағдай жасауға барлық қажетті ресурстарды жұмылдыру арқылы қол жеткізілетіндігі анықталды. Бұл қағидалар бүгінде айқын болып көрінгенімен, 42 жыл бұрын олар әлемнің көптеген елдері үшін денсаулық сақтаудың басымдықтарын түбегейлі өзгертті,  алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (МСАК) дамытуды басты міндет етті» - деді Т. Шарманов.

Форум барысында қатысушылар өзекті медициналық мәселелерді талқылап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Конференция материалдарымен сілтеме арқылы танысуға болады


0
2051

пікірлер

пікір қалдыру үшін.