Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанның комплаенс-офицерлерінің екінші форумы

Қазақстанның комплаенс-офицерлерінің екінші форумы

03 Қараша 2020

29 қазанда Қазақстанда комплаенсті дамыту және ілгерілету бойынша Халықаралық онлайн-форум өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі KPMG компаниясымен, «Kazakhstan BAR Association» заң консультанттар палатасымен және  «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ бірлесіп ұйымдастырды. Форум жұмысына мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялардың өкілдері, комплаенс-офицерлер және комплаенс-қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Израиль, Украина және Өзбекстан сарапшылары қатысты. Қарағанды медицина университетін  комплаенс-офицер Урмашов Александр таныстырды.

  Форумды аша отырып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін нығайту мақсатында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың, азаматтар және бизнестің өзара іс әрекеттер нысандары туралы айтты.  Олжас Абайұлы квазимемлекеттік сектор ұйымдарында адалдықтың корпоративті стандарттарының сақталуына жауап беретін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің институты енгізілгенін атап өтті.

  Парламент Мәжілісінің Депутаты Гульнара Бижанова комплаенс қызметтерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұйым басшыларының «жоғарыдан тонды» қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Г.Бижанова комплаенс-офицерлердің реттеуші тәуекелдерді бақылау бойынша  және әртүрлі басқару органдарынан тәуелсіз болуын қамтамасыз ету үшін құзыретін кеңейтуді қарастыруды ұсынды.

  KPMG компаниясы комплаенс-қызметтердің жұмысын цифрландыру қажеттілігіне аса назар аударады.

  Іс-шара барысында халықаралық сарапшылар өз елдеріндегі комплаенс-қызметтерді дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде комплаенстің рөлін күшейту тәжірибелерімен бөлісті.

  Қазақстанның комплаенс-офицерлерінің бірінші форумы 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Комплаенс-кеңсесі


0
1830

пікірлер

пікір қалдыру үшін.