Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
РОСОМЕД-2020 қорытындысы

РОСОМЕД-2020 қорытындысы

03 Қараша 2020

Қарағанды медицина университетінің симуляциялық және блім беру технологиялар орталығының инженері Исатаев Дархан Маратұлы, «Медицинадағы симуляциялық білім беру: тәжірибе, даму, инновация. РОСОМЕД-2020» атты халықаралық конференцияда симуляциялық білім беру бойынша викторинаға белсенді қатысқаны, сондай-ақ бірінші орын алғаны үшін 8-ші буындағы IPad –ты ұтып алды..

Конференция 2020 жылдың 14 – 16 қазанында онлайн форматта өтті.  Іс-шараға 23 елден 2700-ден астам адам қатысты. Конференция орыс тілді аудиториясында өткен медициналық симуляциялық білім беру тақырыбы бойынша өткізілген барлық конференцияның  тарихындағы ең көрнекті оқиға болды. Конференцияға қатысу барысында Азия, Еуропа және Американың 14 елінен 90-нан астам баяндамашы өз баяндамаларын ұсынды, бұл үлкен тәжірибе және қызықты пікірталастар мен жаңа идеялар үшін тамаша алаң болды. Мұндай конференцияларды өткізу және оларға симуляциялық орталықтардың қатысуы симуляциялық білім беруді дамытудағы, сондай-ақ әлемдік пандемия жағдайында қашықтықтан білім беру сапасын арттырудағы үлкен қадам болып табылады.

СББТО маманы, Бейсембекова А.М.


0
1680

пікірлер

пікір қалдыру үшін.