Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Елбасы- ел тірегі»

«Елбасы- ел тірегі»

23 Қараша 2020

2020 жылдың 17 қарашасында  ZOOM платформасында  ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы-ел тірегі»  республикалық онлайн-эстафетасы аясында ұйымдастырылған «Дана тұлға, дара тұлға-Елбасы» атты жастар конференциясы онлайн форматта өтті.

Конференцияны ұйымдастырған Ж.Бектуров атындағы Қарағанды облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы. Аталған шараның басты мақсаты: Елбасының ұстанымын, Қазақстан үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, патриотизмге , азаматтыққа тәрбиелеу. 

Конференция қатысушылары: Қарағанды медицина университетінің  «Жалпы медицина» мамандығының  2-курс  студенттері, Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары, Қарағанды қаласының № 2  білім беру-инновациялық лицей-интернатының, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқушылары, «Нұр Отан» партиясының  ШҚО «Жас Отан» қанатының өкілдері.   

Қарағанды медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 2-курс студенттері: Уринбаев Баукен және Нұрлан Жақсыкелді, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызының жетекшілігімен осы конференцияға белсене қатысып, алғыс хаттармен мараппаталды.


0
2607

пікірлер

пікір қалдыру үшін.